Өскемен әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып экономика және бюджетті жоспарлау бөлімін басқарған Елена Литвинова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкмінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Елена Литвинова -  Д.Серікбеав атындағы жергілікті техникалық университеттің түлегі. Мемлекеттік қызметте 15 жыл өтілі бар. Жаңа лауазымында ол экономика, бюджет және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, туризм салаларына жетекшілік етеді. Бұл орын бұрынғы орынбасар  Расул Манаповтың жемқорлық бойынша сотталуына байланысты көп уақыт бос тұрған болатын. 

Соңғы жаңалықтар