«Оскар» жүлдесін табыстау салтанатын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оскар» жүлдесін табыстау салтанаты «Хабар» арнасында тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, «Оскар» жүлдесін табыстауға арналған биылғы салтанатты шара 27 ақпан күні Лос-Анджелестегі «Долби» театрында өтеді. 89-рет ұйымдастырылғалы отырған салтанаттың жүлдесінен үміткерлер тізімі 24 қаңтар күні белгілі болған еді.

«Кинематограф саласына арналған айтулы аламан «Хабар» арнасында тікелей эфирде көрсетіліп, оны Комик Джимми Киммел жүргізеді. Биыл Дэмьена Шазеллдің «Ла-Ла Ленд» мюзикл-фильмі 14 аталым бойынша жүлдеге ұсынылып, 1951 жылғы «Все о Еве» картинасы мен 1998 жылғы «Титаник» фильмі жасаған рекордты қайталады», - делінген хабарламада.

Үміткер фильмдер тізімі: 14: «Ла-Ла Ленд» 8: «Прибытие», «Лунный свет», 6: «По соображениям совести», «Лев», «Манчестер у моря» 4: «Ограды», «Любой ценой», 3: «Скрытые фигуры», «Джеки» 2: «Глубоководный горизонт», «Фантастические твари и где они обитают», «Флоренс Фостер Дженкинс», «Кубо. Легенда о самурае», «Вторая жизнь Уве», «Моана», «Пассажиры», «Изгой-один. Звёздные войны: Истории».

Соңғы жаңалықтар