«Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімінде 89 жылдық тарихта болмаған оқиға орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелесте Dolby театрында өткен 89-шы «Оскар» марапатын тапсыру рәсімінде түсініспеушіліктер орын алды. Ұйымдастырушылар «Ең үздік фильм» жазылған конвертті шатастырып алған. 

Өткен ғасырдың танымал актері, кинорежиссер және продюсер Уоррен Биттиге «Ең үздік фильм» аталымы бойынша жеңімпаз фильмді жариялау мәртебесі берілді. Ол конвертті ашып, 2017 жылдың үздік фильмі «Ла-Ла-Ленд» екенін мәлімдеді.

Жетінші Оскарды иеленген шығармашылық топ сахнаға шығып, көрерменге алғыс білдіріп, құттықтау лебіздерін айта бастады. Сол сәтте ұйымдастырушылардан қателік кеткені анықталып, шын мәнінде «Ай сәулесі» фильмінің жеңіске жеткені белгілі болды. Кеш жүргізушісі Джимми Киммел «Ла-Ла-Ленд» фильмінің продюсерінен Оскар мүсіншесін жұлып алып, «Ай сәулесі» фильмінің авторларына берді.

null

«Ай сәулесі» фильмі жеңіске жетеді деп ешкім күтпесе керек. Қалың көрермен жеңімпаздардың сөзіне құлақ аспай, уілдей бастады. Кеш ақсақалы Уоррен Битти «Ай сәулесі» фильмінің жеңімпаз екенін растап, жұртшылықты сабырға шақырды. Мұндай келеңсіздік «Оскардың» 89 жылдық тарихында болмағанын атап өткен жөн.

«Ай сәулесі» - 2016 жылы түсірілген америкалық драмалық фильм. Онда кедейлікке тап болған, анасы есірткі құрсауына шырмалған, өзінің жыныстық бағдары өзгеше қара нәсілді жігіттің оқиғасы баяндалады.

null

«Үздік фильмнен» бөлек бұл туынды «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» және «Үздік бейімделген сценарий» аталымы бойынша екі Оскар жүлдесін иеленді.

Соңғы жаңалықтар