Оскар Де Ла Хойя: «Головкин жекпе-жекке әлі келісімін берген жоқ»

None
None
АСТАНА. ҚазАқөпарат - Күні кеше күллі ғаламның ақпарат агенттіктері Головкин мен Альварестың қарымта кездесуді өткізуге келіскендіктерін, тіпті, жекпе-жектің белгіленген уақытын да жариялап қойған еді. Бұл қаншалықты рас ақпарат? Біздің портал бұл мәселені анықтап көрді, деп жазады «Спортинформ» САА. 

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес екі жақ келісімге келеді деп үміттенеді. Әрине, мұндай боксшылардың ұрысы компания үшін аз табыс әкелмейтіні анық. Алайда, Гомес асығыстық танытып қойған сықылды. Жақында ғана Оскар Де Ла Хойя оның сөзін жоққа шығарды.

"Головкин мен Альварестың қарымта кездесуі әлі бекітілген жоқ. Ол аз десеңіз, бұл процесс жақын арада аяқталмайды", - деп жазады Оскар өзінің Twitter желісінде. 

Соңғы жаңалықтар