Оскар-2018: Жылдың үздік 7 фильміне шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 наурызда Лос-Анджелестегі Dolby Theatre ғимаратында (АҚШ) атақты «Оскар» жүлдесінің 90-марапаттау рәсімі өтеді. ҚазАқпарат дүниежүзінің барша киносүйер қауымы күтетін басты байқаудың 7 үздік фильміне шолу ұсынады.

«Форма воды» (ағылш. The Shape of Water) - мелодрама, триллер, фэнтэзи жанрындағы Гильермо дель Тороның бұл туындысы беделді байқаудың 13 аталымына ұсынылып, номинация саны бойынша көш бастап тұр. Оқиға желісі өткен ғасырдың 60-жылдары өрбиді. Балтимордағы құпия әскери зертханаға жаңа зерттеу «нысаны» - гуманоид-амфибия жеткізілді. Зертханадағы мылқау еден жуушы Элайза мен мақұлық арасында сезім ұшқыны пайда болады және Элайза сүйіктісін адамдар құрсауынан құтқаруға бел байлайды.

null 

Айта кетейік, басты рөлдегі Салли Хокинс Элайза рөлі үшін Оскар-2018 «Үздік әйел рөліне» үміткер атанды. Одан бөлек, фильм «Үздік режиссер», «Үздік композитор», «Үздік сценарий», «Үздік оператор жұмысы», «Үздік костюм», «Үздік монтаж», «Үздік дыбыс» аталымдарында Оскар мүсіншелерін алуды көздеп отыр.
«Дюнкерк» (ағылш. Dunkirk)  - танымал режиссер Кристофер Нолан түсірген әскери драма. Оскардың 8 аталымына үміткер болған бұл туынды арқылы Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбының әлі де өзекті екенін байқауға болады.  Бұл фильмге 1940 жылдары қоршауға түскен 400 мыңға жуық сарбаздың өмірін сақтап қалған атақты «Дюнкерк операциясы» негіз болған. Бастысы, көрермен ерліктің, батырлықтың, бірліктің не екенін, қазіргі бейбіт өмірдің қандай құнды екенін бағамдары анық.

null 

Фильмнің әуенін жазған танымал композитор Ганс Циммер әдеттегідей, «Үздік композитор» аталымына ұсынылды. Бір қызығы, фильм актерлері Оскардың «Үздік әйел», «Үздік ер адам», тіпті «Екінші пландағы үздік рөлдер» үшін марапатқа ұсынылмады. Бұл да барша түсірілім тобының жұмыла жұмыс істегенін айғақтап тұрса керек.

«Три билборда на границе Эббинга, Миссури» (ағылш. Three Billboards Outside Ebbing, Missouri) - Ұлыбритания мен АҚШ бірлесіп түсірген драмалық фильм. Жалғызбасты ана Милдред Хейз туған қаласындағы полицейлерге қарсы күресті бастайды. Оның пікірінше, жасөспірім қызы Анджеланы аяусыз өлтірген қылмыскерлерді іздеуде тәртіп сақшылары құлықсыздық танытты. Үш билбордты жалға алу арқылы Милдред полиция мен қала халқын өз жанайқайына құлақ асуға шақырады.

«Үздік фильм» аталымынан бөлек, бұл туынды «Үздік әйел рөлі», «Үздік композитор», «Үздік сценарий», «Үздік монтаж» сынды 7 номинация бойынша үміткер атанды. «Үздік әйел рөлі» мүсіншесінің Милдредті сомдаған актриса Фрэнсис МакДормандқа берілуі әбден мүмкін деп есептейміз. Себебі, ашынған ананың образын ашу мен оған көрерменді сендіре алу оңай іс емес.

null 

«Тёмные времена» (ағылш. Darkest Hour) - әлемдік деңгейдегі саясаткер Ұлыбритания премьер-министрі болған Уинстон Черчилльдің саясаттағы жолы туралы биографиялық туынды. Нацистік армияның дәуірі жүріп тұрса да, айналаның үгіттеуіне қарамастан, Черчилльдің Адольф Гитлермен келісімге келмеуі - ең маңызды шешім ретінде тарихта қалды.

Фильм «Үздік ер адам рөлі», «Үздік костюм дизайнері», «Үздік грим» сынды  Оскардың 6 бірдей номинациясына ұсынылды. Бұл орайда Оскар-2018 «Үздік ер адам рөлі» мүсіншесінің қалың көрерменнің сүйікті актері, У. Черчилль бейнесін сәтті сомдап шыққан Гари Олдманға берілуі мүмкін деген болжамымызды да жасырмаймыз.

null 

«Призрачная нить» (ағылш. Phantom Thread)) - үміткер-фильмдер арасындағы ең әдемі, ең көркем деп атауға тұрарлық бұл драма 1950 жылдардағы Лондонды бейнелейді. Танымал кутюрье Рейнольдс Вудкок корольдік отбасынан бастап, кино жұлдыздарын, бай аристократтарды киіндіреді, атақ пен даңқ, сый-құрмет оған таңсық емес. Бірақ, жалғыздыққа бойы үйренген Вудкок талай сұлуды көрсе де, отбасын құруға асықпайды. Көп кешікпей, жас әрі сұлу Альманы кезіктіріп, өмірі күрт өзгеріске ұшырайды.

null 

Бір атап өтерлігі, Р.Вудкокты сомдайтын британдық актер Дэниэл Дэй-Льюис - Оскар сыйлығының үш дүркін иегері. Өзінің соңғы фильмі деп жариялаған «Призрачная нить» туындысымен актер төртінші мүсіншеден де дәмелі екенін білдірген болатын. «Екінші пландағы үздік актриса», «Үздік режиссер», «Үздік композитор» және әлбетте «Үздік костюм дизайнері» номинацияларында үміткер болып отыр.
«Леди Бёрд» (ағылш. Lady Bird) - «Үздік фильм» үміткерлері арасында трагикомедия жанрындағы жалғыз фильм және түсірілім тобы «Оскардың» бес аталымы бойынша топ жаруды көздеп отыр.

Фильм өзгелерге ұқсағысы келмей, өз жолын іздеген, жоғары сынып оқушысы Кристина жайында болмақ. Ол өзін «Құс» деп атайды және Нью-Йоркке жетуді армандайды. Дәл осы фильмді талқылауда көрермендердің пікірі екіге жарылды. Біреулер кез келген жасөспірімнің өмірінде кездесетін «мәселелер жиынтығын» Оскар үмтікерлігіне лайық емес деп жазса, енді бірі фильмде терең мағына жатқанын, адамның өзін-өзі қалыптастыру мәселесі қозғалғанын айтуда.

null 

«Зови меня своим именем» (ағылш. Call Me by Your Name) - италиялық кинорежиссер Лука Гуаданьино түсірген бұл туынды Оскар-2018 төрт номинациясынан үмітті.

Туындыда өткен ғасырдың 80-жылдары сипатталады, онда 17 жастағы Элио мен 24 жастағы Оливердің бір-біріне деген ғашықтық сезімі көрсетіледі. Қалыптасқан жағдайларға қатысты,екеуі бірге бола алмайды. Бұл арқылы туынды авторлары махаббаттан бас тартпауға, қоғамдағы ескішілдікке, соқыр стереотиптерге қарсы тұруға шақырады.

Фильм көптеген халықаралық байқауларда үздік атанып, беделді киносыншылардың оң бағасын алды. Нью-Йорк кинофестивалі тарихындағы ең ұзақ қошемет осы фильмге тиесілі - көрсетілім біткен соң, көрермендер 10 минут бойы шапалақ ұрған.

null 

Еске сала кетсек, Оскар-2018 марапаттау кеші Пхёнчхан қаласындағы Олимпиада ойындарына байланысты наурыз айына ауыстырылған болатын.

Салтанатты шара Қазақстан уақытымен 5 наурыз күні таңғы 5.30-да басталады. «Ел Арна» телеарнасынан жұлдызды қонақтардың қызыл кілемнен жүріп өту салтанатын тікелей эфирде тамашалауға болады.

Марапаттаудың негізгі бөлігі таңғы 7-де «Хабар» телеарнасында жалғасады. Кешті танымал тележүргізуші және комик Джимми Киммел жүргізеді. «Хабар» және «Ел Арна» телеарналарындағы шараға белгілі киносыншылар Дмитрий Мостовой, Нұржан Еркінұлы және Карим Кадырбаев комментаторлық етеді.

null  

Соңғы жаңалықтар