Өртті сөндіруге әрекеттенген ер адам күйіп қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің сыртындағы Сол жағалау кентінде жеке үйден өрт шығып одан ер адам зардап шекті. Ол үйінде шыққан өртті сөндірмекке әрекеттенгенде денесін күйік шалған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

Денесінің 70%-ін күйік шалған ер адам №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне түсті.

«Түнгі сағат 2-де үйдің шатыры, ағаш құрылымдары, қабырғалар, жиһаздар мен жеке заттар жанып кеткен. Өрт көрші үйге де өтіп үлгерген. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тілсіз жау жалыны үйін шарпып кететіндігіне қауіптенген көрші оны өздігінен сөндіруге әрекет жасаған. Сол кезде газ баллоны атылып, салдарынан ер кісі денесінің 70%-sy күйік шалған», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар