Өртке оранған көлікте бес адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Сиянь қаласында автомобиль өртеніп, 5 адам қаза тапты. Бұл туралы Яньлян ауданының Қоғамдық қауіпсіздік басқармасына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

Қайғылы оқиға жұма күні, түнгі сағат екілер шамасында болған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, жүйіткіген көлік кенеттен жол қозғалысын реттейтін семафорлық шеңберге соғылған. Салдарынан машинаны 10 метр жерге лақтырып жіберген. Ішіндегі жолаушылар жан-жаққа ұшып, көлік өртене бастаған.

Яньлян аудандық Қоғамдық қауіпсіздік басқармасынан мәлім еткендей, машина салонында бес адам болған, олардың барлығы мерт болды. Қазір оқиғаның себеп-салдары мен көз жұмғандардың тұлғалары анықталуда.

 

Соңғы жаңалықтар