Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 23 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды - Павлодар

2017 жылғы 7 желтоқсан 17:41 1248
Бөлісіңіз:
Өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды - Павлодар

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат  - Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылының шетінде өртенген көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«2017 жылғы 6 желтоқсанда Кенжекөл ауылының шетінде өртеніп кеткен «Audi-80» маркалы автокөлігінің  салонынан жүргізушінің мәйіті табылды. Осы факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қаза тапқан адам 25 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны болып шықты. Ол ағымдағы жылдың 4 желтоқсанынан бастап хабар-ошарсыз жоғалған ретінде іздестіруде болған», - делінген хабарламада. 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат