Орталық Қытайда құрғақшылықтан 230 мың адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хубэй провинциясында құрғақшылықтан 120 мың гектар ауыл шаруашылығына жарамды жер зардап шекті. 237 мың адам ауызсу жетіспеушілігін бастан кешіп отыр.

 Бұл туралы су тасқынымен және құрғақшылықпен күрес штабынан мәлім етті, деп хабарлады Синьхуа.

Осы жылғы 1-22 қыркүйек аралығында провинцияда жауын-шашынның орташа мөлшері 10,5 мм ғана құрады, бұл нормадан 90 пайызға кем.

Құрғақшылықтан 171 бас мал зардап шекті. Жергілікті билік қолайсыз ауа райының салдарын жоюға 223 мың адамды жұмылдырды.

Соңғы жаңалықтар