Орталық Азияның экономикасы өседі - ҚХҚК-нің болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның xалықаралық қатынастар кеңесі (ҚХҚК) биылғы жылдың маңызды оқиғаларын жариялады. Кеңестің болжамына сәйкес, Орталық Азия елдерінің экономикалары өседі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, ағымдағы жылда Орталық Азияның экономикалық өсімі шамамен 2,7 пайызды құрайды. Қазақстанда - 2-3 пайыз, Қырғызстанда - 3-3,5 пайыз, Тәжікстанда - 5-6 пайыз, ал Өзбекстан мен Түрікменстанда экономикалық өсім орташа есеппен 6 пайыздың айналасында болады деген болжам бар. "Әрине, энергия ресурстарының бағасы экономикалық өсімге оң әсерін тигізеді. Мәселен, Brent маркалы мұнайдың баррелі 55-70 доллардың шамасында болады. Бұдан бөлек, интеграциялық үдерістердің жандануы Орталық Азиядағы экономикалық жағдайды жақсартуға өз септігін тигізеді", - дейді Қазақстанның xалықаралық қатынастар кеңесінің төрағасы Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, қазіргі болжамға қарамастан, Орталық Азияның экономикалық өсімі әлемдегі геосаяси және экономикалық өзгерістерге байланысты болмақ. Мәселен, АҚШ-тың Федералдық резерв қызметі есептік мөлшерлемені арттыратын болса, ұлттық валюталар әлсірейді, қарыз сомалары ұлғаяды, инфляцияның үлесі де арта түседі. Соның салдарынан экономикалық өсім тежелуі әбден мүмкін.

Соңғы жаңалықтар