Орталық Азияда ғарышты зерттеу орталығын ашу жоспарлануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі делегациясының (ҚАӨМ) Қырғызстанның Ұлттық ғылымдар академиясына (ҰҒА) сапары аясында жетекші ғалымдармен, ғарышкерлермен, Қазақстанның халық батыры Айдын Айымбетовпен кездесу өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының ғарыш технологиялары бойынша вице-президенті Айдын Айымбетов қазақ ғарышының бүгінгі жетістіктері туралы, ғарыш технологияларының елдің бүгінгі экономикасы мен қауіпсіздігіне қолдану мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Қырғызстан ҰҒА вице-президенті Осмон Тоғысақов ғарыш мониторингінің табиғи ресурстарға баға беру, тұқым себу сапасы мен сыбайлас жемқорлықты бақылауға дейінгі салада тәжірибелік маңызы артып келе жатқанын атап өтті.

«Біз Орталық Азияда біріккен ғарыш зерттеу орталығын құрудың мүмкіндіктерін талқыладық. Оның жұмысына біздің ғалымдар да тікелей қатыса алады. Сондай-ақ, бірлескен зерттеуді ары қарай талқылау үшін 2018 жылы өтуі жоспарланып отырған академиялық инвестициялық-инновациялық форумға қазақ әріптестерімізді шақырып отырмыз», - деді О.Тоғысақов.

Қырғызстанның ғалымдары қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовты ерекше ықыласпен күтіп алды. Айдын Айымбетов өз кезегінде ірі ғылыми әлеуетке ие Қырғызстанның Ғылым академиясымен ғарыш саласында серіктестік орнату мүмкіндігін айтып өтті. Оның айтуынша, бірлескен жобалардың айтарлықтай келешегі бар.

Соңғы жаңалықтар