Орталық Азия туралы деректі фильм жарық көреді - Президенттің Телерадиокешені

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені Орталық Азия туралы деректі фильмнің жарық көретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көптен күткен, көпшіліктің қалауы бойынша түсірілген жаңа деректі фильміміз дайын! Қазіргі кезде Орталық Азия аз зерттелген өңір ретінде ғалымдар, саясаткерлер және қарапайым тұрғындардың ерекше назарында. Бұл фильм Орталық Азияның жаңа бейнесі, даму бағытының проекциясы, тарихы және басқа да мағлұматтарға толы болмақ. Әлеуметтік желілердегі арналарымызға жазылыңыздар, телеарналардың эфирінде болатын уақытты қосымша жазатын боламыз!», - делінген Фейсбуктегі хабарламада.

Соңғы жаңалықтар