Орталық Азия өңірлік есірткіге қарсы ұйымына жаңа басшы келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес Орталық Азия өңірлік ақпараттық координациялық орталығына жаңа басшы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл лауазымға полиция полквонигі Григорий Пустовитов тағайындалды.

Орталық 7 мемлекеттің есірткі қарсы күрес күштерін біріктіріп отыр.

Жаңа басшы ЦАРИКЦ қатысушы мемлекеттердегі құзырлы орган өкілдері, Әзербайжан, Қырғыз республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан, РФ, Түрікменстан елдерінің өкілдеріне таныстырылды.

Ресей Федерациясының өкілі Пустовитов ЦАРИКЦ мүше елдерінің ұлттық үйлестірушілерінің шешімімен бірауыздан тағайындалды.

Бұған дейін бұл ұйымды қырғыз елінің өкілі Бейшенбай Жүнісов басқарып келген болатын.

Соңғы жаңалықтар