Орталық Азия басшылары 2005 жылдан бері алғаш рет кездесуі мүмкін - Ерлан Қарин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның xалықаралық қатынастар кеңесі (ҚХҚК) биылғы жылдың маңызды оқиғаларын жариялады. Соның ішінде Орталық Азия елдері арасындағы байланыстардың күшеюі де бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Негізі, аталған тренд былтырдан бері анық байқалып келеді. Дегенмен, 2018 жылда Орталық Азия елдерінің әріптестік қарым-қатынастары жаңа форматта дамиды деп ойлаймыз. Бәлкім, тұрақты бір форматқа көшерміз. Мәселен, өткен жылы аймақта екіжақты байланыстардың күшейгенін байқасақ, ағымдағы жылда Орталық Азия елдері өзара қарым-қатынастың тұрақты бір форматына келеді деген ойдамыз. Дәл солай болса, 2018 жылда аймақ көшбасшылары көп жылдан бері алғаш рет кездесуі әбден мүмкін. Соңғы рет олар 2005 жылы жиналған. Демек, 13 жылдан бері алғаш рет Орталық Азия президенттері кездеседі", - дейді саясаттанушы Ерлан Қарин.

Оның ойынша, аталған кездесу өтсе де, аймақтағы байланыстар екіжақты, ары кетсе, үшжақты қарым-қатынаста сақталады. Мәселен, "Қазақстан-Өзбекстан", "Өзбекстан-Қырғызстан", "Қазақстан-Қырғызстан", я болмаса, "Қазақстан-Өзбекстан-Түрікменстан".

"Орталық Азияның негізгі мемлекеттері арасындағы байланыстардың үлесі басым болады. Дегенмен, қазіргі кезде барлығы тұрақты бір меxанизмнің болғанын қалайды. Сондықтан ағымдағы жылда Орталық Азияның көшбасшылары аталған меxанизмді іс жүзінде қолға алады деген болжам бар. Ол кездесу бейресми форматта өтуі де мүмкін", - деп атап көрсетті Е.Қарин.

Фото ortcom.kz

Соңғы жаңалықтар