«Өрт сөндірушілер және құтқарушылар балалардың көзімен» суреттер байқауының қорытындысы шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушы күні кәсіби мерекесі қарсаңында және Қазақсан полициясының 25 жылдығына орай 14 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитеті аппараты қызметкерлері балаларының арасында «Өрт сөндірушілер және құтқарушылар балалардың көзімен» тақырыбындағы байқаудың қорытындысы шығарылды.

  Балаларды дипломдармен және сыйлықтармен марапаттау бойынша салтанатты іс-шара Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өтті, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі. 

ТЖК Кадр жұмысы басқармасының бастығы С. Бекмағамбетов өз сөзінде осындай балалар суреттері байқауы ТЖК барлық аумақтық бөлімшелерінде жыл сайын өткізілетінін атап өтті.  Осындай іс-шаралар өрт сөндіруші мен құтқарушы кәсібінің имиджін және мәртебесін арттыруға бағытталған.

Байқауға ҚР ІІМ ТЖ комитеті аппараты қызметкерлерінің 20-ға жуық баласы қатысты. Үздік балалар суреттерін арнайы құрылған байқау комиссиясы анықтады.

5-6 жас санатында Танзила Ахриева І орынды,  Нұғманбек Нұрболат - ІІ, Қабжан Ерболат ІІІ орынды иеленді. 7 жас санатында Закиров Әмир І орынды, Дүйсембекова Саида - ІІ, Әділжан Ерасыл ІІІ орынды еншіледі.

Ал 9-12 жас санатында Мақажанов Ерасыл - І, Дүйсембекова Дарина - ІІ орынды,  Түсіпов Әліби ІІІ орынды жеңіп алды.

Іс-шара соңында байқау жеңімпаздарына және барлық қатысушыларға дипломдар, бағалы және ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар