Өрт қауіпсіздігі: Жамбыл облысының сауда нысандарынан 285 заңбұзушылық анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында сауда нысандарының өрт қауіпсіздігі тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап. 

«Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті 22 сауда орны мен төрт жеке кәсіпкерлік нысанының өрт қауіпсіздігін тексерді. Сауда нысандарында тексерулер Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес жүргізілді. Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесіп, облыс аумағындағы қаупі жоғары 36 сауда нысаны мен 102 жеке кәсіпкерлік нысаны есепке алынды», - деді Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары Талғат Сабыров.

Сауда нысандарын тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының 285 бұзушылығы анықталды, ал жеке кәсіпкерлік нысандарында - 53 заңбұзушылық табылды. 19 заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды, олар 462 мың теңге төлейді. Төрт кәсіпкерге 192 мың теңге айыппұл салынды.

Ведомствода атап өтілгендей, ТЖД қызметкерлері нұсқаулықтар мен өрт сөндіру жаттығуларын өткізуде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі жоғары нысандарда эвакуация жоспарын жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар