Өрт қауіпсіздігі: Қазақстанда сауда орталықтарын тексеру жиілеуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе сауда орталықтары мен базарларда өрт қауіпсіздігі тексерулері бойынша кейбір бекітілген мерзімдердің күшін жоюды ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл негізінен шағын және орта бизнеске қатысты. Осы орайда оларға тиесілі нысандарды ашылғаннан кейін қазіргі талапқа сай үш жылдан соң емес, іске қосылған кезде және жыл сайын тексеру ұсынылуда.

Сонымен қатар қайта құрылуы мен меншіктік формасының өзгеруіне қарамастан, жыл сайын сауда орталықтары мен базарларды тексеру қарастырылуда.

«Қазіргі кезде «Атамекенмен» және меморганмен жол картасын келісу жұмыстарын атқарудамыз. Бұл тұрғыда заңнамаға өзгерістер енгізу қажет болып тұр», - деді Юрий Ильин Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, былтыр 333 сауда объектісі тексерілді. Оның ішінде аудит бойынша 95-і оңтайлы қорытынды алған. 91 объекті шағын кәсіпкерлікке жатады, сондай-ақ олардың тіркелуі мерзіміне үш жыл толмаған. Ал 147 объект қайта құрылуына (меншік иесінің ауысуы немесе күрделі жөндеуге жабылуы) байланысты тексерілмеген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл азаматтық қорғау органдары биылғы 2 сәуірден бастап адамдар жаппай баратын сауда нысандарының өртке қарсы қорғануына тексеру жүргізді. 2018 жылдың 20 сәуірдегі мәліметі бойынша, жалпы 972 тексеріс тағайындалып, оның ішінде 851-і аяқталды. Тексерумен қамтылған нысандарда 10 мыңнан астам ереже бұзу жағдайлары анықталды.

Фото: rukotvorniy.ru

Соңғы жаңалықтар