Орман шаруашылығының өзекті мәселелері шешімін табар емес - ҚР АШМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Үстеміров орман шаруашылығында қандай өзекті мәселелер барын атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өкінішке қарай, соңғы жылдары екі өңірді (Алматы мен ОҚО) есептемегенде облыс әкімдіктері орман шаруашылығын жандандыру бағытында ешқандай шараларды қабылдамады. Орман шаруашылығы мекемелеріне «қаржының қалдығынан бөлу» қағидаты бойынша ақша бөлініп келеді. Ормандарды қорғау мекемелерінің материалдық және техникалық қамтамасыз етілуі нормативпен салысырғанда бар-жоғы 65 пайызды құрап отыр. Сала қызметкерлерінің жұмысының сапасы түсіп кетті. Білікті кадрлар бұл саладан кетіп жатыр. Бұған дейін айтқанымдай, орман өнімдерінің де өнімділігі төмендеп кеткен», - дейді Қайрат Үстеміров.

Оның айтуынша, мәселе шешілмесе ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі нақты қадамдарға мәжбүр болмақ.

«Осыған байланысты облыс әкімдіктеріне аталған жағдайды жақсартуға қатысты бірқатар тапсырмалар берілген. Алайда (...). Егер жағдай алдағы үш жылда жақсармайтын болса, ҚР АШМ «Орман шаруашылығы мекемелерін облыс әкімдіктеріне қарату тиімді ме?» деген сұрақты көтеретін болады», - дейді Қайрат Үстеміров.

Соңғы жаңалықтар