Орман шаруашылығы комитеті киікті қорлаған видео авторларын іздестіруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті киікті қорлаған адамдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Араларыңызда осы видеодағы адамдарды танитындар болса, маған хабарласуларыңызды сұраймын. Сайғақтар ешқашан адамға жақын келмейді, олар үнемі сақ жүретін жануарлар. Видеодан олардың көлікпен киіктерді қуып, әбден әлсіреген кезінде ұстағаны анық көрінеді», - деп жазды Фейсбукте комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Ол киіктерге жасалған қатыгездік қылмыстық жауапқа тартуға негіз болатынын айтты.

«Қазір адамдар селфи, фото, видео түсіру үшін жануарларды қорлауы мүмкін. Видео Қорғалжын қорығының аумағындағы Сұлтан көлінің маңында түсірілгені белгілі болды», - дейді С. Ділдахмет.

Осы материал видеодағы адамдарды табу үшін аудандық ІІБ-не берілді.

 

Соңғы жаңалықтар