Орман өрті: эвакуацияланған қостанайлықтар үйлеріне оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында орман өрті салдарынан қауіпсіз жерге көшірілген адамдар үйлеріне оралды, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«20 қыркүйек күні сағат 17.11-де орман шаруашылығы қызметкерлерінен түскен ақпаратқа сәйкес, сағат 16.35-те Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында «Ұзынкөл орман шаруашылығы мекемесінің» Обаған орман шаруашылығы аумағында қылқан ағашты орман алқабы жана бастағаны белгілі болды. Жергілікті атқарушы органдар өрт аумағынан 7 шақырым жерде орналасқан Березово ауылынан Тасоған ауылының орта мектебіне 15 тұрғынды эвакуациялады. Өрттің таралуы сағат 21.05-те тоқтатылды. Алдын ала ақпарат бойынша, жалын 40 гектар аумақты шарпыды», - деп хабарлады ресми өкіл.

Мәлім етілгендей, қауіпсіз жерге көшірілген ауыл тұрғындары үйлеріне оралды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жаумен күресті Қостанай облысы Өртке қарсы қызметінің қызметкерлері мен орман шаруашылығының мамандары жалғастыруда.

 

Соңғы жаңалықтар