Өркеннің туыстары сот шешіміне разы емес

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қаскелеңде 11 жасар Өркен Азаматұлының өліміне қатысты сот үкімі шықты. Баланың өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева 25 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Алайда, баланың туысқандары сот шешімне наразылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот шешімі әділ емес. Темірді өмір бойы бас бостандығынан айыру керек еді. Ол кәмелетке толған, ақыл есі бар, біліп тұрып барды бұл іске. Ал Қадыржанның жасы кәмелетке толмаған сол үшін оған 12 жыл», - деді Өркеннің анасы Айжан Қыдырмолданова.

Қорғаушы Айман Омарова сотталушылардың қоғам үшін қауіпті екендігін, жазасын өтеуге берілген уақытта олардың түзеле қоятынына күмән келтірді.

«Сот үкіміне көңіліміз толады. 25 жыл әйел адамға максималды мерзім. Тек Темірге 23 жылдан көбірек беру керек еді. Бұл 5-уі жабылып 11-дегі баланы оп-оңай өлтірсе, ертең олардың түзелетініне күмән бар», - деді А.Омарова.

Әзірге Шәрипа Ақбердиеваның қорғаушылары іс үкімімен толық келіспейінше, апелляциялық шағым түсіре қоймайтынын айтты.

Ал, сотталушы тараптың туысқандары болса апелляциялық шағым беруге ұмтылыс білдіріп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Өркен Азаматұлының жоғалып кеткендігі туралы оның әжесі полицияға 19 қаңтарда шағым түсірген. Кейін баланың денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың бірінен табылды. Жедел іздестіру шарасынан кейін қылмысқа қатысы бар деген 5 адам 21 қаңтарда қолға түсті. Ресми өкілдің мәлімдеуінше, бұл істі марқұмның өгей анасы сыбайластарымен бірге жоспарлапты.

Соңғы жаңалықтар