Өркеннің өгей шешесі сот алдындағы соңғы сөзінде қызын босатуды сұрады

None
None
ҚАСКЕЛЕҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Қаскелеңде 11 жастағы Өркен Азаматұлын өлтірген бесеуге қатысты сот үкімі шықты. Бас сотталушы Шәрипа Ақбердиева сот алдындағы соңғы сөзінде қызын ақтауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен қазір балаларымның анасы ретінде емес, Өркеннің өгей шешесі ретінде сұраймын сізден. Қызым Айдананы ақтап, сот залынан босатуыңызды өтінемін. Бірақ Темір Ақберидев пен Қадыржан Гулямовқа тағы 5 жылдан қосуыңызды сұраймын. Олар маған жала жапты. Мен өзімнің жауыздығымды түсінемін. Енеммен жиі сөзге кеп қалатынмын. Ол мені иттен туғансың дейтін. Сол үшін оны өлтіргім келетін. Өйткені, менің әке-шешем мені адам өлтірсін деп тәрбиелеген жоқ. Істегенім үшін Өркеннің анасынан, Азаматтан, Өркеннің әжесінен кешірім сұраймын. Өркенді мен өлтірдім. Оны мойныма аламын. Бірақ, қызымды босатуыңызды сұраймын. Ол мен айтқасын ғана істеді», - деді Шәрипа соңғы сөзінде.

Естеріңізге сала кетсек, Өркен Азаматұлының жоғалып кеткендігі туралы оның әжесі полицияға 19 қаңтарда шағым түсірген. Кейін баланың денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың бірінен табылды. Жедел іздестіру шарасынан кейін қылмысқа қатысы бар деген 5 адам 21 қаңтарда қолға түсті. Ресми өкілдің мәлімдеуінше, бұл істі марқұмның өгей анасы сыбайластарымен бірге жоспарлаған.

Бірнеше айға созылған сот ісі барысында бүгін сотталушы 5 адам жалпы алғанда 93 жылға кесілді.

Соңғы жаңалықтар