«Ордабасының» футболшылар алдындағы қарызы - 500 млн теңге

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ордабасы» футбол клубының спортшылары облыстық әкімдікке келіп, клубтың жалақы төлемей отырғанына шағымданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» tvk-uko.kz-ке сілтеме жасап.  

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, ондағы негізгі мәселелердің бірі «Ордабасы» футбол клубына қатысты түйткілдерді талқылау болды.

Клубтың қазіргі таңдағы жалпы қарызы 500 миллион теңгені құрайды. Осы қарызды Республикалық бюджеттің есебінен төлеуге уәде беріп отыр. Бұдан тыс, енді «Ордабасының» да өз міндеттемелері бар екені айтылды. Мәселен, клуб табысы аз отбасы мүшелеріне билеттерді арзан бағамен сатуы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап жұмыс орындарын ашуы тиіс. 

Соңғы жаңалықтар