«Ордабасы» Латвияның «Спартак» командасымен тең түсті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Шымкенттің «Ордабасы» командасы Түркиядағы оқу жаттығу жиындарын аяқтауға жақын. Бұған дейін екі кездесуде жеңіліс тапқан команда Латвияның «Спартак» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын барысында шымкенттік команданың бас бапкері Георги Дерменжиев алаңға Бочаров, Симчевич, Ковальчук (Берто́льо, 46), Фонтанелло, Диакате (Шәмші, 46), Ерланов (Спахия, 46), Тұңғышбаев, Төлебек, Досмағамбетов (Даутов, 46) Хижниченко (Ли, 46) сынды ойыншыларды шығарды. Ал, қақпаны Нарзикулов қорғады. Тартысты өткен ойында оңтүстіктің футболшылары Юрмала қаласының командасымен тең түсті. Есеп 1:1 болды.

Айта кетейік, жуырда ғана жаңа ойыншылармен толыққан команданың жаңа құрамын  жанкүйерлерге  таныстыру рәсімі 7 наурыз күні Шымкентте өтеді деп жоспарланып отыр. Ал чемпионаттың тұсау кесер ойыны 11 наурыз күні Қажымұқан атындағы орталық стадионда басталмақ. 

null 

Соңғы жаңалықтар