Оралмандар кириллицаны үйреніп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Оралмандарды бейімдеу орталығы» қоғамдық қоры Қытайдан, Моңғолиядан, Ираннан қоныс аударғандарды тарихи отанындағы заңға және нормаларға бейімделуге жәрдемдеседі, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Семей ішкі саясат департаментінің ақпаратына сілтеме жасап.

Қазақстанда тұратын оралмандардың негізгі проблемаларының бірі тіл болып табылады. Қазақ тілін жетік білгенімен, кириллицаны пайдалана алмайды. Бұл демек, жазып-оқи алмайды деген сөз, соның салдарынан түрлі түсінбеушіліктер орын алып жатады.

Бейімдеу орталығының директоры Айнұр Тәбілтайдың айтуынша, олардың қоғамдық ұйымы азаматтарға жаңа өмірге бейімделуге жәрдемдеседі. «Біздің курстың арқасында ЖОО дипломымен немесе орта біліммен үш елден Қазақстанға келгендер мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Көпшілігі өтінішті өздері жазып, құжат толтыра алады», - деді Тәбілтай. Кеңінен бейімделу үшін орталық оралмандарды орыс тіліне оқытады. Осы күзде бірінші боп Семейде, Тарбағатайда, Зайсанда тұратын оралмандар оқытылды. Осы айда мұндай курстар Өскеменде, Үржар ауданында өтеді.

Соңғы жаңалықтар