Оралдық кәсіпкер балалар алаңында ұшақ-дәмхана ашпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралдық кәсіпкерге балалар алыңының жанына «Як-40К» ұшағын әкеліп қою туралы ой келген. Кәсіпкер ол жерден балалар дәмханасын ашуды жоспарлаған, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Қалалық кәсіпкердің айтуынша, балалар дәмханасын ұшақтың ішінен ашу туралы ой «Як-40К» әуе кемесін сатып алғаннан кейін келген.

«Мен есептен шығарылған бұл ұшақты Ақтөбеде сатып алып, кейін оны осында алып келдім. Ол есептен шығарылған, алайда оны жерде қолдануға болады. Мен ұшақтың ішінен балалар дәмханасын ашуды жоспарлап отырмын», - дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ, ол үлкен кешен салынатынын атап өтті. Оның ашылуы келесі жылға жоспарланған. 

Фото Медета МЕДРЕСОВА

Соңғы жаңалықтар