«Оралдан Астраханға дейін» атты халықаралық экспедицияны өткізу көзделуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Биылғы шілде айында «Оралдан Астраханға дейін» атты халықаралық экспедиция өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиевтің мәлім еткеніндей, экспедиция аясында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, республикалық домбырашылар сайысы және Құрманғазы күйлерін орындау бойынша шеберлік сағаты өтеді.

Биыл күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 195 жыл толатыны белгілі. Соған орай өңірде мамыр айында «Домбыра күні» шарасы да өтеді. Оған 1500 мектеп оқушысы қатысып, бір мезгілде ұлы күйшінің туындысын орындайды.

Басқарма басшысы Ақжайық ауданында белгілі әнші, термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қаламқас Орашеваға арналған «Көмейінде күміс жыр» атты жыршы, термеші қыз-келіншектердің ІV республикалық байқауы биыл да жалғасын табатынын жеткізді.

«Әнші-композитор Жаскелең Ғайсағалиевтің әндерін орындаушылардың байқауы алғаш рет ұйымдастырылмақшы. Сонымен қатар облыстық мәдениет қызметкерлерінің форумы, Жаңақала ауданында Жайық өңірінің дарабоз күйшілері Мәмен Ерғалиұлы мен Қали Жантілеуовке арналған «Қали-Мәмен - күмбір күй» атты облыстық домбырашылар байқауы, Бөкей ордасында Құрманғазының мерейтойына арналған республикалық домбырашылар байқауы және басқа ауқымды іс-шаралар өтеді», деді Қадырболат Мұсағалиев. 
null

null  

Соңғы жаңалықтар