Оралдағы сән салондары мен шаштараздарда ұрлық жиілеп отыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы сән салондары мен шаштараздарда ұрлық жиілеп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биыл жыл басынан бері осындай 17 қылмыс тіркелсе, соның бесеуі ашылды. Қалған 12-сі бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстардың басым бөлігі қаңтар, ақпан айларында Құрманғазы көшесі мен Еуразия, Әбілқайыр хан даңғылдары бойында жасалған.

Жедел іздестіру жұмыстары барысында 1983, 1986, 1992 және 1994 жылғы азаматтар ұсталды. Олардың бәрі де - Орал қаласының тұрғындары. Соның ішінде тергеу изоляторында отырғандардың бірі - 1986 жылғы В-ның басқа да осындай қылмыстарға қатысы тергелуде.

Соңғы жаңалықтар