Оралдағы кісі өлімі: Ақталған жасөспірімге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы бұдан бұрын ақталған жасөспірімге қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 17 жасар Даниил Романов қарбыз сатумен айналысқан 21 жасар тұрғынды өлтірді деп айыпталған болатын.

Апелляциялық сот алқасы ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 431-бабы 1-бөлігін басшылыққа ала отырып, бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз, апелляциялық шағым мен прокурордың өтінішін қанағаттандырусыз қалдырды. Осылайша, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының биылғы 16 қаңтардағы Даниил Романовқа қатысты ақтау үкімі мен облыстық ішкі істер департаменті басшылығы мен тергеу прокуроры атына шығарылған жеке ұйғарым өзгеріссіз қалды.

Еске сала кетейік, Оралда саяжай аумағында 21 жасар жігіттің мүрдесі табылғаны жөнінде бұдан бұрын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар