Оралда зираттан нәрестенің денесі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал қаласында мектеп оқушылары ескі зират аумағынан жаңа туған сәбидің денесін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, Дерқұл кентінде оқушылар оппы қардан баланың мәйітін тауып алып, маңайдағы адамдарды шақыра бастаған.

Гиният Мәмбетовтың айтуынша, ол жұмыстан келе жатып, оқушыларды байқаған.

«Оларға таянғанымда, қарда баланың жатқанын айтты. Жақынырақ қарап едім, жаңа туған нәрестенің денесі екенін түсіндім. Ол шүберекке оралған еді. Зират күзетіне жүгіріп барып, полицейлерді шақырдық», - дейді Гиният Мәмбетов.

Баланы кім және қашан тастап кеткені әзірге белгісіз. Полицейлер мән-жайды анықтауға кірісті.

 

Соңғы жаңалықтар