Оралда жыршы-термеші Фархат Оразовтың шығармашылық кеші өтті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында республикалық және халықаралық жыршы-термешілер байқауларының жеңімпаз-жүлдегері Фархат Оразовтың «Бабадан қалған жауһар жыр» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қырық жастың қырқасына көтерілуіне орай алғаш рет ұйымдастырылып отырған жеке концертінде Фархат Оразов Наурызбек жырау, Махамбет Өтемісұлы, Кердері Әбубәкір, Сартай Көшкіншіұлы және басқа халық композиторларының ән-жырларын нақышына келтіре орындады.

null

Кеште сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сәуле Таудаева, республикалық байқаулардың лауреаттары Асхат Ораз, Наурызбек жыраудың шәкірті Қоныс Юсупов, Армат Исламғалиев, Артур Сисенов, Ақмарал Кемелханова, «Орал сазы» фолькорлық ансамблі (жетекшісі Асқар Кенжеғалиев) өнер көрсетті.

Айта кетейік, Фархат Оразов үшін өткен жыл аса табысты болды. Ол Оралда 2016 жылдың қараша айында Жақсылық Сәрсенғалиев, Қаламқас Орашева және Қалампыр Рахимованы еске алуға арналған «Термелетіп жырлайын» атты республикалық термешілер байқауы мен Атырауда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай желтоқсанда өткен «Жасай бер, қазақ елі» атты республикалық жыраулар байқауының бас жүлдесін иеленген болатын.

null

Оған қоса Башқұртстан астанасы Уфа қаласында 23-24 қазанда өткен бүкілресейлік жыршылар (сэсэндер) фестивалінің күміс жүлдегері және Алматы қаласында қараша айында «Текті сөздің төресі - терме» жыршы-термешілердің республикалық байқауының екінші орын иегері атанған еді.

null

Соңғы жаңалықтар