Оралда жүкті әйел автокөлікте босанып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында медбике келіншекті автокөлікте босандырып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалидың айтуынша, оқиға 19 қаңтар күні түстен кейін болған.

Облыстық наркологиялық диспансерге келген автокөліктің ішінде 25 жасар жүкті келіншек болған. Жағдай күтпейтін болғаннан кейін оны медбикеге автокөлік ішінде босандыруына  тура келген. Жедел көрсетілген көмек нәтижесінде шақалақ аман-есен дүниеге келген.

«Ана мен сәби қазір  қалалық көпбейінді ауруханада. Екеуінің де жағдайы жақсы», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Нұрданат Беркінғали. 

Соңғы жаңалықтар