Оралда жолаушылар тасымалдайтын екі автобус соқтығысты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласында сағат  шамамен 08.40-та жолаушылар тасымалдайтын екі автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды оқиға орнынан «ҚазАқпарат» тілшісі.

Шаған өзенінен өтетін көпірге жақын жерде, Зачаган кенті жақтан келе жатқан №7 және №5 бағыттарда жүретін қос автобус түйісті.  
null

Адамдар жұмысқа баратын қарбалас уақыт болғандықтан,  автобустың іші лық толы еді. Зардап шеккен жолаушыларға көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметінің екі бірдей бригадасы келді. №7 автобус жүргізушісі қатты жарақат алған.  

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары  анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар