Оралда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 20 тамыз күні таңғы сағат 06.00 шамасында 1996 жылғы әскери қызметші «Лада Калина» автокөлігімен Подстепный-Меловые горки бағытындағы жолмен келе жатып, рульге ие бола алмай, Жайық өзенінен өтетін көпірдің қоршауына соғылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда,  жүргізуші оқиға орнында көз жұмған. Автокөлікте отырған 1977 жылғы ер адам мен 1972 жылғы азаматша түрлі жарақатпен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар