Оралда жазасын өтеушіге ұялы телефон бермекші болған тұрғын жауапқа тартылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Орал қаласында РУ-172/2 түзету мекемесінде жазасын өтеушіге ұялы телефон бермекші болған тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мекеме қызметкерлері ұялы телефонды пакеттегі азық-түліктің астына жасырылған жерінен тапқан.

Тыйым салынған зат тәркіленіп, оны жазасын өтеушіге жеткізбек болған ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 481-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды.

Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы 22690 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Айта кетейік, түзету мекемелеріне тыйым салынған заттарды алып өтпек болғаны үшін жыл басынан бері 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Соңғы жаңалықтар