Оралда «Жайықтың жадындағы жақсы адам» атты еске алу кеші өткізілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, математик-ұстаз Қайыр Құрақұланның (Бектұрғанов) 80 жылдығына орай «Жайықтың жадындағы жақсы адам» атты еске алу кеші өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
null
Қазіргі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында дүниеге келіп, Оралдағы С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-интернатын алтын медальмен бітірген Қайыр Құрақұлы 1960 жылы ҚазПИ-дің физика-математика факультетін үздік тәмамдағаннан кейін өмір бойы ұстаздық етті. Оның есімін Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтынан түлеп ұшқандар жақсы біледі.
null  

Математика сынды күрделі ғылымды игеріп, оны жас ұрпаққа жеткізумен бірге жазушылығын тастамаған Қайыр Құрақұлан көптеген әдеби кітаптар шығарды. 1976 жылдың қорытындысымен  «Ат жалы» повесі үшін республикалық «Жалын» журналының жабық бәйгесінде жүлде алған қаламгер 1982 жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне өтті. Өмір бойына адами қадір-қасиетті жоғары ұстап, кісілігінен айнымаған ол кішіге қамқор, үлкенге сыйлы бола білді. Әдеби туындылар өз алдына, қазақтың жанына тиетін өзекті тақырыптың бірі - тіл мен дінді де қозғап, көлемді мақалалар жазды. Еске алу кешінде қаламгердің зайыбы, өзі де ардагер-ұстаз Надежда Жұбайқызы, журналистика ардагері Тихон Әліпқалиев, шәкірттерінің бірі, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Болатқали Төлебаев жазушы-азаматтың, міне, осындай қасиеттері жөнінде сыр шертті.
null  

Әдеби-музыкалық кеште сондай-ақ  қаламгер құрметіне оралдық әртістер орындаған әндер ерекше әсер қалдырды. Кітап көрмесі де ұйымдастырылды. 
null null  

Соңғы жаңалықтар