Оралда жасөспірімнің өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы мәлімет жалған болып шықты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жасөспірімнің өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы мәлімет жалған болып шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

Әлеуметтік желіде «Қымбатты ата-аналар, балаларды олардың балы мен бағасы үшін сөкпеңіздер. Бүгін Оралдағы 3-мектепте 4-сынып оқушысын (қыз баланы) суицидтен аман алып қалдық. Тест сынағынан төмен балл алғандықтан, үй төбесінен секіріп кеткісі келген. Балаларға бәрін түзеуге болатындығын түсіндіріңіздер. Анасын шақырып, психологпен жұмыс жүргізілуде. Балалардың өміріне немқұрайлы қарамасаңыз, осыны барынша таратыңыз», деген хабарлама таралған болатын.

Осыған түсінік берген қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Батиқа Пайдинаның айтуынша, хабарламада сөз болған №3 мектептің 4-сыныбында бақылау жұмыстары өтпеген. Директор арқылы анықталғанындай, тіпті онда нашар оқитын оқушы жоқ.

«Сондағы ата-анаға (әйел) хабарлама Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиядан келген. Ол мектептегі әйел аталмыш хабарламаның №9 мектептегі ата-анадан келгенін айтқан. Ал Елена есімді әйел хабарламаны кімнен алғанын әзірге айтпай отыр. Дүйсенбіде аталған мектептер директорларының баянхаттары мен ата-аналардың түсініктемелері негізінде мәселенің мән-жайын толық анықтау үшін ішкі істер органына арыз түсіретін боламыз», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Б.Пайдина.

Соңғы жаңалықтар