Оралда жаңажылдық шараларды өткізуге 14,1 млн астам теңге жұмсалмақ

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында барлық жаңажылдық шараларды өткізуге 14,153 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 4 млн теңге жаңажылдық безендіруге жүмсалмақ. Биіктігі 24 метр бас шырша жаңа алаңда орнатылмақ. Жаңажылдық шыршалар сондай-ақ Абай алаңында (15 метр), қалалық мәдениет және демалыс саябағында, Жайық өзені жағалауында, «Лепесток», №20 орта мектеп алдындағы саябақтарда, Деркөл кентінде бой түземек. Оған қоса жаңа алаң, Д.Нұрпейісова атындағы көше аллеясы, М.Мәметова, С.Датұлы алаңдары, қала саябақтары безендірілмек.

Жаңажылдық мерекелік шаралар қаланың барлық мекемелерінде ұйымдастырылмақ. Шаһар басшысының қайырымдылық шыршасы мүгедек балалар, аз қамтылған отбасылар балалары үшін 21-22 желтоқсан күндері Жастар мәдениет үйінде өтпек. 31 желтоқсан күні кешкісін жаңа алаңда жаңажылдық мерекелік қойылым отшашуға ұласпақ. Осындай концерттік бағдарлама Абай алаңында да қойылмақ.

Айта кетейік, өткен жылы жаңажылдық безендіруге қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 7,144 млн теңге берілген болатын.

Соңғы жаңалықтар