Оралда жалған ақша жасаушылар ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жалған ақша жасап, өткізушілер ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, қылмыстық топ қаңтар айында қолға түскен. Олар облыс аумағында азаматтардың сеніміне кіріп, 20 мың теңгелік (сериясы мен нөмірлері АА 0000000) жалған ақшаларға түрлі тауарлар алған.

Қазіргі кезде БҚО  мемлекеттік кірістер департаменті жалған ақшаға алданып қалған азаматтар болса, сенім телефонына (53-84-27) хабарласуын өтініп отыр. 

Соңғы жаңалықтар