Оралда үйдің шатырынан секірмек болған қыз құтқарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Кеше Оралда қос қабатты үйдің шатырынан секірмек болған қыз құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

null null

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағынан түскен мәліметке қарағанда, құтқарушылар оқиға орнына санаулы минуттар ішінде жетіп, алдын ала батут әзірлеген. Аумақты қоршауға алып, жоспар құрған. Бас құтқарушы Рустам Ғұбашев жоғары баспалдақпен көтеріліп, ешкімді өзіне жақындатпай, секірмек болған қызбен сөйлескен. Жеңіл киінген қызға күртесін беріп, әңгімеге тартқан. Р.Ғұбашев оны райынан қайтармақ болып, жарты сағат тілдескен. Кейін қолайлы сәтті пайдаланып, шатырға тез шығып, мықтап ұстап алған. Қыз айтқанынан қайтпай, бұлқынғанымен, әріптестері көмекке жетіп, арнайы құрылғының көмегімен жерге түсірген. Содан кейін оны дәрігерлер мен құқық қорғау органдарына тапсырған.

null null null 

Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, мұндай жағдай бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Жыл сайын ондаған адамға осындай шұғыл көмек көрсетуге тура келеді.

Соңғы жаңалықтар