Оралда ұсақ бұзақылық жасаған 500-ге жуық адам жауапқа тартылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда биыл ұсақ бұзақылыққа барған 487 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотынан хабарлағанындай, соның ішінде 437 адамға айыппұл салынды. 50 адам қамауға алынды. 

Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, осындай істер саны 167-ге азайды. Бұл қала көшелерінде бейнекамералардың көбеюіне, сот және басқа құқық қорғау органдары жүргізген алдын алу жұмыстарына байланысты болып отыр.

Айта кетейік, ұсақ бұзақылыққа барған адамға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 434-бабына сәйкес 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін қамалады.

Соңғы жаңалықтар