Оралда Ұлттық ұланның жас лейтенанттары бас қосты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биыл ҚР Ұлттық ұланы әскери институтын және Ресей Федерациясындағы осындай оқу орнын бітірген отыздан астам лейтенант «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Жаңаөзен және Орал қаласында орналасқан әскери бөлімдерін толықтырды. Олар «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасы базасында оқу-әдістемелік жиында бас қосты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

null
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жиын мақсаты - жас сардарларды жаңа қызметті қабылдауда қажетті біліммен қаруландыру.

Жиын басшысы, ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары, полковник Павел Ситников институт түлектерін әскери бөлімдердің ерекшеліктерімен, биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызмет нәтижелерімен таныстырып, сауалдарына жауап берді.
null 

Жиын барысында жас сардарлармен «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Серәлиев кездесіп, оларға барлық жағдайдың жасалатынын жеткізіп, жауапты қызметтерін мінсіз атқара білулеріне тілектестігін білдірді.

Үш күндік жиын кезінде жас сардарларға басты құжаттардың негізгі талаптары түсіндіріліп, олардың білім деңгейі тексерілді.

Лейтенанттар жиыннан кейін өздері қызмет ететін әскери бөлімдерге бет алды.
null 

Соңғы жаңалықтар