Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері қарумен жүргендерді ұстады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлері қарумен жүрген қос тұрғынды ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 5517-әскери бөлімінің қатардағы сарбаздары Игорь Гермес пен Олжас Құрбан көше тыныштығын күзету кезінде Достық даңғылы №160 үй маңында өздерін дөрекі ұстаған екі жас жігітті байқаған. Тәртіп сақшыларын көрген олар қашпақ болғанымен, құтыла алмады.

Куәлардың қатысуымен тексерген кезде 1998 жылғы М. деген азаматтың белбеуінің астынан тіркелмеген «Удар М-2» газды травматикалық тапанша және 1 оқ-дәрі табылған.

Аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 287-бабына (қаруды заңсыз сақтау, алып жүру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қырағылық көрсеткен жауынгерлер әскери бөлім командирі тарапынан ынталандырылды.

Соңғы жаңалықтар