Оралда тұрғын үй өртеніп, 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 5 желтоқсан күні сағат 20.16-да Жәңгір хан көшесі бойындағы 15-үйде 112-інші пәтер өртенген, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, төртінші қабатта шыққан өрт 25 шаршы метр аумақты қамтыған. Оқиға орнынан 35 адам шығарылған, соның 10-ы - балалар. Сегіз адам құтқарылса, соның үшеуі - балалар.

Өртті сөндіруге 17 адам, 6 техника жұмылдырылған.

Зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, 5 желтоқсан күні түсте облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернаты кешеніндегі электр қалқанынан түтін шығып , 25 адам ғимараттан шығарылған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар