Оралда тұңғыш Президент күніне арналған жарыс өтті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Арман» спорт кешенінде тұңғыш Президент күніне арналған БҚО әкімі аппараты, облыстық басқармалар қызметкерлері арасында волейболдан жарыс мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Мемлекеттік қызметшілердің спортпен тұрақты айналысуына ықпал ету, олардың арасында салауатты өмір салтын орнықтыру мақсатында ұйымдастырылған турнирге 14 команда құрамында 160-қа жуық адам қатысты.

Жарыс қорытындысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жеңімпаз атанды. БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық басқармасы екінші, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы үшінші орынға ие болды.

Жекелеген аталымдар бойынша БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Меңеев «Турнир ақсақалы», қаржы басқармасының бас маманы Наурыз Дәуешев «Үздік шабуылшы», кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық басқармасының бөлім басшысы Хасен Тоясов «Үздік байланыстырушы», энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасынан Қайрат Сатымов «Үздік қорғаушы» аталымы бойынша марапатталды.

Айта кетейік, аталмыш жарыс өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған болатын. Алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өтіп тұрмақшы. 

Соңғы жаңалықтар