Оралда «Тіл - тұтастық туы» фестивалі қорытындыланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін облыстық қазақ драма театрында ҚР халқының тілдері күніне орай «Тіл - тұтастық туы» атты облыстық тіл фестивалі мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Шараға қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасырдан астам уақыт ішінде алға нық қадам басса, соның бәрі - ел бірлігінің арқасы, Елбасы жүргізіп келе жатқан сарабдал саясаттың жемісі. Биыл да еліміз үшін ерекше жыл болып отыр. Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жария етіп, алдағы бағыт-бағдарымызды айқын көрсетіп берді. Шындығында да рухани жаңғырусыз алға басу қиын. Елдегі келісім мен ынтымақтың нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы мыңдаған жұмыс орындары ашылып, инфрақұрылым дамып, көптеген кәсіпорындар жұмыс жасап жатыр. Бір ғана «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы облысқа 28 млрд теңге бөлініп, сол қаржыға қыруар шаруа атқарылуда. Мысалы, биыл облыс көлемінде 500 шақырым жол жөнделуде. Орал қаласының өзінде бұл мақсатқа 8,1 млрд теңге бөлініп, бұрын-соңды болмаған жұмыс жасалуда. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өңірде биыл 1600 тұрғын баспаналы болмақшы.

null

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты - халықты біріктіру, тарихымызды түгендеп, болашағымызды айқындай түсу. Тек біздің өңірде ғана сексеннен астам ұлт өкілдері тұрады. Біз біртұтас ұлтпыз. Осы ретте мемлекеттік тіліміздің барша ұлт өкілдерін ұйыстырудағы рөлі айрықша. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, елді сақтап қалатын тіл. Тіл барда мемлекет те бар. Көп тіл білгеннің артықшылықтарын Астанада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі де дәлелдеп берді. Әсіресе, қазіргі жастарға көбірек тіл меңгеріп, жаңа технологияларды игеруге кеңінен жол ашылып отыр. Осы мүмкіндіктерді пайдалана білгеннің келешегі де жарқын болмақ.

null

Шара барысында тіл жанашырлары облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ түрлі байқау жеңімпаздарына облыстық тілдерді дамыту басқармасының марапаттары да табыс етілді.

null

Соңғы жаңалықтар