Оралда «Тіл - тұтастық туы» атты фестиваль өтті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін облыстық қазақ драма театрында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл - тұтастық туы» атты жалпыхалықтық тіл фестивалі өтті.

БҚО тілдерді дамыту басқармасы мен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған мерекелік шараға қатысушыларды Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов құттықтады.

«Дәстүрлі тіл фестивалі аясында биылдың өзінде оннан астам шаралар ұйымдастырылып, оған тіл жанашырлары белсене атсалысты. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Осының бәрі - бірліктің, еңбектің, Елбасымыз жүргізіп отырған саясаттың, сан ұлт өкілдері арасындағы келісім мен татулықтың арқасы. Елімізде әр ұлт өкілдері өз ана тілін біліп, салт-дәстүрін дамытуға мүмкіндік алды. Соның ішінде, әрине, темірқазық іспеттес мемлекеттік тілдің орны бөлек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атап өткеніндей, «Кез келген мемлекеттің өзегі - оның бірегей мемлекеттік тілі».

Ендеше, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте...» деп Қадыр ақынның айтқанындай, сол тілімізді сақтау, жоғалтып алмау өз қолымызда. Қазіргідей жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқандықтан, біз де шекарасы ашық, еркін мемлекетпіз. Осыдан жиырма бес жыл бұрын ел қандай еді, қазір қандаймыз. Әрине, айырмашылық жер мен көктей. Ендігі мақсат-міндетіміз де осы табыстарымызды баянды етіп, Мәңгілік ел болу жолында үлкен-кішіміз бірдей қайрат қылу болса керек», деді әкім.

Фестиваль барысында тіл жанашырлары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

тил тил

тил  

Соңғы жаңалықтар