Оралда телефонды қуаттандырып отырған жасөспірімді тоқ соқты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Мобильді  телефонын қуаттандырып жатқан  Оралдың 15 жастағы тұрғынын тоқ соқты, деп хабарлады «Мой ГОРОД» порталы.

Телефонын қуаттандырып отырған жасөспірім оны қолына ұстап ұйықтап кеткен. Ер баланың алақанын электр тоғы соққан. Тоқ жүрек тұсындағы көкірек қуысынан шыққан.

Балалар көп бейінді ауруханасының дәрігер-комбустиологі Гүлнәр Еляева мұндай жағдай қалада алғаш рет орын алғанын хабарлады.   

 «Ер бала ауруханаға алақаны қатты күйіп 17 наурызда түскен. Күйік 2-3%-ды құрады.   Бүгінде оның жағдайы қалыпты. Ауруханадан шықты», - деді дәрігер.

Дәрігер қуат көзіне қосылған телефонды жанына қойып жатуға болмайтынын ескертеді.

 

Соңғы жаңалықтар