Оралда тағы бір үй өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 12.21 шамасында Құрманғазы көшесі, 13 мекенжайындағы жеке тұрғын үй өртенді,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен түскен мәліметке қарағанда,  оқиға орнына №2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен техникасы жедел жеткен. Өрттің көрші үйлерге таралу қаупі төнгендіктен, №3 өрт сөндіру бөлімінен қосымша күш келген.  Сағат 13.05-те өрттің беті қайтып, 14.38-де толықтай сөндірілген.

null  

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. 100 шаршы метрді қамтыған өрттен үйдің төбесі, жиһаз бен жеке заттар бүлінген.

null 

Өрт сөндіруге 5 техника, 16 адам жұмылдырылды.

null 

Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келтірілген шығын мен кінәлі адамдар анықталуда.

null 

Еске сала кетейік, 3 қазан күні Оралда тұрғын үйде екі бірдей өрт оқиғасы тіркелген болатын.

null 

Соңғы жаңалықтар