Оралда тағы бір көп қабатты үй пайдалануға берілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Тұрғындарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, пәтер иелеріне кілттерін табыс еткен облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тағы бір көп қабатты үй іске қосылып, бүгін қалада 156 отбасы баспаналы болып отыр. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес биыл өңірде 115 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Барлық қаржы көздерінен 380 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл өткен жылғыдан 80 пайызға көп.

Жаңа ғимаратты «Отделстрой» құрылыс-коммерциялық фирмасы» ЖШС (басшысы Валентина Михно) уақтылы салып бітірсе, пәтерлер «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (облыстық филиал директоры  Айгүл Наурызәлиева) салымшыларына беріліп отыр.

«Алты-жеті жыл бұрын Зачаган кентіндегі осынау аумақ бос жатқан жер болатын. Қазір мұнда тұтас қалашық пайда болды. Оны көркейту, абаттандыру жұмыстары бұдан кейін де жалғасатын болады», деді Алтай Көлгінов. 

Соңғы жаңалықтар